19.06.2022
  167


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Үлбіреген нәп-нәзік шырқың қандай?

Үлбіреген нәп-нәзік шырқың қандай?
Қарай берем көзіңе тылсым бардай.
Тылсым бардай, жүрегім қымсынғандай,
Жарар еді тіл қатсаң тыншымды алмай.
Ғашық болған пендеде бар ма тыным?
Мөлдіреген сезімім – шарбат, ұғын.
Кенеуі жоқ тірліктің қара судай,
Қарашы енді көзден жас парлатуын.
Ынтық еттің, аңырдым ындын құрып,
Бара жатыр құштарлық қылғындырып.
Паршалады нәуетек жүрегімді,
Түйдектеліп қап-қара мың мұң кіріп.
Күлу деген бұл күні санаға жат,
Ажарынан айрылды дала ғажап.
Аяулым-ау, көңілім жамау-жамау,
Сары ала қаз секілді алабажақ.





Пікір жазу