19.06.2022
94
Жартыкеш тірлік қой бұл жырымданған...
Жартыкеш тірлік қой бұл жырымданған,
Іздерсің бақытыңды қырын қалған.
Тағдырдың ащы дәмін жиі татып,
Құр қалып біздер жүрміз шырын-балдан.
Қашанғы таусыласың нала-мұңнан,
Байқаймын бір кейістік қабағыңнан.
Пенденің сор кешуі аяқ асты,
Бақытты болуы да – адамынан.
Жаныңа бере алам ба шұғыла-нұр?
Қарайсың сәуле шашып, құбыла бір.
Көзіңнен қасіреттің табын көрем,
Бұл өмір – жұмбақ, қалқам, ұғына жүр.