19.06.2022
93
Өзіңді іздеп таппадым мына әлемнен...
Өзіңді іздеп таппадым мына әлемнен,
Содан соң жолдап отырмын сәлем өлеңмен.
Қайтейін қалқам, шерменде қылмай келсеңші,
Дәм-тұзым біткен, ақырғы демім – өлем мен.
Аяғым суып, жылуым қайтқан денемнен.
Көзімнен аққан жылбысқы жасты жұтамын,
Жанымда жоқсың, жабығып қатты жұтадым.
Асылдан қалған бір тұяқ едім, амал не?
Үзбекші тағдыр еменнің жалғыз бұтағын.
Бір келіп кетші,
Сезейін сезім жұпарын.
Мойылдай қара көздерің кетпес жадымнан,
Алдыңда сенің жарылдым талай ағымнан.
Сағынған жоқ та шығарсың бәлки сен мені,
Еріксіз, қалқам, үніңді керім сағынғам.
Артық та болдың кеудемде шыбын жанымнан.