19.06.2022
  160


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Саратан зауза ызылдап...

Саратан зауза ызылдап,
Нәуетек гүлдер жабылды.
Маужырай қапты жүзім бақ,
Бозбала солай сабылды.
Жұлдыздар сирек, тымық түн,
Төбеттер тыныш әупілдек.
Жіңішкелігін шыбықтың,
Тұрғандай маған тау күндеп.
Жаңылдым бағзы қалпымнан,
Салдыртып келем сайменен.
Серпіліп түнгі салқыннан,
Сергіп те қалды-ау, әй денем.
Елітті жанды күлкі әсем,
Сыбдыры бақтың тосыннан.
...Сұлулықтарды қымта сен,
Ұрланып келіп қосылған.





Пікір жазу