19.06.2022
  108


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Шырғалаң, ұғынбас жан аңдап...

Шырғалаң, ұғынбас жан аңдап,
Жүрмейді арбамыз, шабан ба ат?
Керзаман кесірі кеулейді,
Көңірсік кеудемде жалаңдап.
Әуелі, жасқанды дырдай күн,
Деді ме оған да «...жырғаймын».
Бір қайғым азайса басымнан,
Жамалды жаңадан бір қайғым.
Өтінем, кетпеші, кептерім,
Бар-тұғын бағым да көп-көрім.
Шашадан тұрғанмен тер тамып,
Ілмеді көзіне бектерің.
Шырғалаң, ұғынбас жан аңдап,
Кетті өмір жалт беріп, сан алдап.
Жүргенше ит көрмес тірлікпен,
Малсам ба былыққа санамды-ақ...





Пікір жазу