19.06.2022
121
Жалғыз соқпақ, көмескіленген...
Жалғыз соқпақ, көмескіленген,
Итшіледім. Сорым алдымда.
Балағат сөз көп естіп елден,
Қарадай мен жолығам мұңға.
Тағдыр – қатал: безерленеді,
Жаным жалдап, тыраштанамын.
Шөл. Ерінім кезерген еді,
Тал түс. Әлі – қыр аспағамын.
Құтырған жел – айбынады анық,
Жүргізбейді, табанда – шөңге.
Кірпігіңді қайғыға малып,
Сенбедің-ау маған да, пенде.
Құйын – досым, лағамын еріп,
Білмегемін жөнін-жосығын.
...Итке ас-суын бағамын беріп,
Құлымын ғой көңіл-қошының.