19.06.2022
100
Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық...
Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық,
Маңдайын жел ұрады – о, бір ғашық.
Миқиған қарамайды керегеге,
Шалжияр дөң үстінде өңірді ашып.
Іргеңді қоңыр лашық жер үрлеген,
Мойынын бұрмай кеткен небір дөдең.
Қадаңды жібермейтін қарыс сүйем,
Жеріңе лаң салды темірменен.
Киелі ең – ақ орда еткен пайғамбарым,
Білмейміз енді қандай қайран барын.
«От басар ойнақтаған тайлақ» деген,
Жан ұқпас әлі қанша тайраңдарын.
Арқалап келіп еді шомыттарын,
Шандып ап балтыр менен тобықтарын.
Қып-қызыл өкшелері жылтырайтын,
Көктемнің көп кешкеннен көбік қарын.
..Қоңыр дөң, қоңыр лашық қойнауыңда,
Ырыс-құт, анам тілі – қойлы ауылда.
Барам да мият табам кер даламнан,
Қала, сен қалжыратып қойғаныңда.