19.06.2022
  145


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Алты қанат керіліп, керегелер...

Алты қанат керіліп, керегелер,
Шаңыраққа шашылды уық келіп.
Кенересі көмілсе терең егер,
Керек емес жауыннан күдіктеніп.
Үзігі де жабылды оюланған,
Қада-қазық қағылды терең сіңіп.
Шайқалмасын дегендей бойы ырғалған,
Белдеуіне байланды емен сырық.
...Баға берер ісіме көреген ел,
Арқа сүйер бар ұлы өз Отаным.
О, дүние, жасарып көгере бер,
Бой көтерді тағы бір боз отауың.





Пікір жазу