19.06.2022
126
Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған..
Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған,
Өңгенің керегі жоқ, құрсын, маған.
Мәукіл бас біреуі бар кекіл қойған,
Ұғындым, бұл өмірде ырысым – балам.
Шұрқырап жүгіреді анадайдан,
Серпіліп сала берер сана-майдан.
Құшаққа құлдыраңдап кетеді еніп,
Арылтып көкіректі тәмәм ойдан.
Басылар былдырынан шалдыққаным,
Қос қарғам – қуанышым мәңгі ұққамын.
Басамын бауырыма мейірлене,
Осылай бақыттың да алдық дәмін.
Сендерге қараймын да кемелденем,
Кездерің болмасыншы төмендеген.
Ақшүлен таудағы өскен ұрпақ едік,
Ұшар-ау бір күндері менен де өлең...