19.06.2022
118
ҚЫМЫЗ
Жаңа жеттік көкбазарға демігіп,
Бас қоймақшы ек сар қымызға емініп.
Басқа жерден табу қиын таңсық ас,
Қазық етіп алдымызға сені, үміт.
Шуы қалың...
Болмақ емес жұмысым,
Біле-білсең қу тамақтың құлысың.
–Әй, балалар! Қымыз, қымыз! – деп бізге,
Бір келіншек ұсынғаны ыдысын.
Қолыма алдым «дәу» кесесін шөлдеп кеп,
Саңым ауған, тоймақшы едім мелдектеп.
Ұрттадым да жұтынбадым...
Амал не,
Ерініңді тигізіпсің сен де ептеп.
Қымыз, қымыз: былай алсақ – ас қана,
Менің ойым мұнда емес қой, басқада.
Көкелерім қолына алып жырымды,
«Татымсыз» деп, тастар ма екен, масқара...