19.06.2022
  120


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Бір бақытты мен күтетін әкелер...

Бір бақытты мен күтетін әкелер,
Болашақтан туса сондай сәт егер.
Әйтсе дағы болып жатыр қателер.
Шапағымен еркелетіп, мәпелер,
Қуанамын арайланып атса, шіркін, құба таң.
Сылқ-сылқ еткен күлкісінен танбайтын,
Сезімімді кәусарлықпен жалғайтын.
Пәктігі мен ақтығынан танбайтын,
Ішіп көрсең тіл үйірер балдай тым.
Қайнап шыққан жар астынан –
Тау бұлағын ұнатам!





Пікір жазу