19.06.2022
  96


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен....

«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен,
Бұзды сертін өрескел.
Құстар бәлкім, жете алмай жүр шетелден,
Құдай жасын көр, ескер.
Шөбі де жоқ болатұғын шешемнің,
Көк сиыры – көтерем.
Селбесетін, қауқары жоқ – мешелмін,
Не тындырам?! Жетер ем...
Сезінемін бәріне өзім айыпты,
Біреу мені бөктерді.
Қасіретін қайғыма әкеп қайытты,
Көріп жүрмін көп кергі.
...Құстар бәлкім, жете алмай жүр шетелден,
Құдай, жасын көр, ескер.
Парызым жоқ шеше алдында өтелген,
Құр далбаса, елестер...





Пікір жазу