19.06.2022
99
![](/uploads/shorttexts/author_image/2bb8e73b6d2cbd3ac492f354a0c769a9.jpeg)
Жатқаныма көп болды – Сақаймағам...
Жатқаныма көп болды –
Сақаймағам,
Керегі жоқ дәрінің, апай, маған.
Аңсап жүрмін ауасын ауылымның,
Сағыныш бар кеудемде атойлаған.
Тіршілігі қажытты палатаның,
Көңіл құштар,
Көруге дала таңын.
Жіберіңіз екі-үш күн.
Үйге барам,
Анашымның сағындым алақанын.
Қу төсекте қашанғы таңыламын,
Беріш сынды жабысқан жаныма мұң.
«Топырағына емделем туған жердің»,
Жіберіңіз, апатай, жалынамын.