19.06.2022
113
Жастығымды жоғалттым, жансебілмін...
Жастығымды жоғалттым, жансебілмін,
Қоңырайып оңаша қанша егілдім.
Ұрлап жатты барлығын мүттәйім күн,
Татып келем ащысын қамшы-өмірдің.
Алданамын білсем де, бекінсем де,
Тірлігімнің әкетті шетін сел де.
Кеуек кеудем барады қурайға ұқсап,
Қалт-құлт етіп тұратын жетім, шөлде.