19.06.2022
  93


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Ала көзді аспансың...

Ала көзді аспансың,
Жұрдай кірпік, қабақтан.
Қонышыңнан басқансың,
...Тісің батып, қан аққан.
Елемедің тәңірді,
Адасқансың дініңнен.
Жүргізесің әмірді,
Қаймығамын інің – мен.
Қуатыңды сарықтың,
Бәлкім бақыт іздедің.
Табаныңды қарып құм,
Тағып жүрме күзге мін.
Абайлашы, заңғарым,
Биіксің бе, құларсың.
Жадыңда ұста шаң барын,
Тағдыр – сыншы, сынарсың.





Пікір жазу