19.06.2022
  102


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Құйрығы қайқы дүрегей...

Құйрығы қайқы дүрегей,
Кеудесі – есік, таң қалам.
Іргеде тұрып үреді-ей,
Тексізге тегі шамданам.
Емес бұл иттің сырттаны,
Нан соғар сорлы барақы.
Үргені оның – қыртқаны,
Жолаушы қайтсін, бар – аты.
Топырақ шашты айбат қып,
Құйрығы дүмді дүрегей.
Шықса егер қасқыр сайда атқып,
Кеуделі неме үре ме-ей?
Әупілде қазір, әупілде,
Таңдайың тоңса, тантып-ой.
Қанденсің «шапқан» дәу пілге,
Иттің бұл тегі салты ғой.





Пікір жазу