19.06.2022
  88


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл жалған тегі шытырман...

Бұл жалған тегі шытырман,
Таба алмай келем арнасын.
Санасын елдің жұт ұрған,
Белгілі ұзақ бармасым.
Тартармыз талай татасын,
Әлдекім шығып «қоқияр».
Шегерміз зауал, жапасын,
Жақын ба күнім тотияр?
Күдігім басым бөктерген,
Сапарға шықтым дегенмен.
Ақсақал айтты көп көрген:
«Ажырап қалма өлеңнен...»
Үмітім артты теңлеген,
Сол бір сөз мүмкін, жел берген.
Музаға сосын келген ем,
Сын да естіп қалам елдерден.
Кілкиді күдік, тегін бе?
Алдымда көлбеп түз сан-сан.
Қаламдай қысқа өмірде,
Сиядай ұзақ із салсам.





Пікір жазу