19.06.2022
  95


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жалған-ай! Жабықтырдың, жабықтырдың....

Жалған-ай! Жабықтырдың, жабықтырдың,
Қайғыға қара басты қарық қылдың.
Жер басып жүруге де зар болармын,
Құрбанға жіберерсің шылып бір күн.
Тапалып күн кешкеннен жеңіл білем,
Бұ жақтан о дүние көңілді ме ең?
Сақтиян етігімді киіп кетем,
Кешермін шын ғанибет өмірді мен.
Таныттың маған деген бейім ниет,
Тағдырға қарны тоймай кейиді көп.
Алаңсыз жөнер едім қайда болсын,
Біздерді біле ме екен кейінгі лек?..





Пікір жазу