meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.06.2022
  152


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Ғасыр да тозған, мұқалған...

Ғасыр да тозған, мұқалған,
Сана да сары, сүрленген.
Жанжалдың оты тұтанған,
Су шашсам ба екен кірленмен?
Пейілі бұзық қоғамның,
Шамасы келсе жейді анық.
Үйімнен шықпай тоналдым,
Сайранды салды кей халық.
Ғасырдың соңы алжыған,
...Талай бас жүр ғой сөлкектеп.
Майланбай қалды қанжығаң,
Тынарсың бір күн көлкектеп...
Жалғаннан мынау мән қашқан,
Заманның көрдім ақырын.
...Қағанақ қаны тамбастан,
Тіліңдер қоғам жатырын.





Пікір жазу