19.06.2022
  130


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Терезесі көңілдің шытынады...

Терезесі көңілдің шытынады,
Жүрегімнің аңғарсақ жұпыны әні.
Сылқ-сылқ еткен бұлақ та күлмес бүгін,
Көз қаратпас қызыл күн тұтылады.
Маңып барам, құла түз тектемеді,
Көкпен жатыр ұласып көк белеңі.
Әне-міне ғарышқа табан басам,
Қара жерде ұстапты текке мені.
Шомыламын нәріне шұғыланың,
Кәусәрлікке ғашықпын, құнығамын.
Қызыр болып оралам қара жерге,
Құпиясын ашатын құбыланың.





Пікір жазу