19.06.2022
116
Шымыр, шымыр...
Шымыр, шымыр...
Миы шыққан батпақтың сыртқы беті.
Ғұмыр – қыңыр.
Дал-дұл етіп ақ жүзін жыртты. Көкі...
Айдап салам,
Айды да алыс уағымда ат арқандар,
Сырыл, сырыл...
Ақтық демі байқұстың. Құртты, жекі!
Жанға балап,
Алтын басты, айдарлы жаңылыппын,
Қайда қанат?
Өмір – осы, аптап кіл, шағыл – ұқтым.
Қармап қалсам,
Күннің нұрын бір үзім талғажау ғып,
Аймалап-ақ,
Алтын шапақ, мен сені сағыныппын.
Томағам бар...
Жанарым сау, жап-жақсы көре де алам,
Домалаңдар,
Көзімнен жас, көңілім төреге алаң.
Күмбірлеген
Көкіректен көшеді дүбірлі әлем,
Зобалаңдар...
Бақыттырақ «соқырдан» «керең» адам.