19.06.2022
  111


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Ей, менің қайран ғұмырым....

Ей, менің қайран ғұмырым,
Жағаға барып жығылған,
Соңымда қалды бір ұлым,
Түгі жоқ басқа тұлымнан.
Дәнеңе бермей аттандым,
Тұңғиық мұңым – мирасым.
Бақыты таяз ақ таңның,
Бермеді дәулет бұйдасын.
Кедейміз – баққа құнықтық,
Ақ еділ арман дамысын.
Тұлымда ұғын, тұнықтық,
Жатпаса жерде намысың.
Мүжілдім қанша үгілдім,
Мүсәпір болып тапалдым.
Мазмұны қашты күнімнің,
Сағынтты кеші Қапалдың.
Ей, менің қайран ғұмырым,
Сағымға елтіп сандалған.
Шығарды жылдар жырымын,
...Алданғам оңбай, алданғам...





Пікір жазу