19.06.2022
  103


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Тасынған көңіл сап тынды...

Тасынған көңіл сап тынды,
Қорғасын сынды құйылған.
Қарашығыма қақ тұнды,
Қара су ағып миымнан.
Мына әлем сол сәт шаңытты,
Бәлекеттермен маталған.
Шеше алмай қалдым қамытты,
Мирас боп қалған атамнан.
Аяқтар көрдім аспаннан,
Салбырап келе жатты анық.
Білінбес зорлық басталған,
Табанда барам тапталып.
Азамат едім талыстай,
Табанда барам тапталып.
Қара құл етті шабыспай,
Алтыннан соққан тақты алып.





Пікір жазу