19.06.2022
  152


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Ойнап жүрген бір сәби: «Ұшқыш болам» деп күледі...

Ойнап жүрген бір сәби: «Ұшқыш болам» деп күледі,
Қажетінше суғарсақ, солдырмаспыз көп гүлді.
«Болам, – деді, – ғарышкер».
Тампыш танау кекілді ұл,
Армандары тым биік, қиялдары екпінді.
Тыңдамады ешкім де сәбилердің былдырын,
Шешіп қойған тағдырын ата-анасы күн бұрын.
Роялға апарып, отырғызды шегелеп,
Кетті үзе алмай небір тай тас байланған шылбырын.
Мынау өмір қып-қызыл қайнап жатқан қырман, ә-ә,
Қайна-қайна бірақ та, сыбағамды ұрлама.
Бұрымды қыз аңғалсың, мініп алып сырғаңа,
Ғарышқа ұшты асқақтап, шәркей киген бір бала.
Тартып жүрміз тірлікте тауқыметтің құнын кіл,
Бармақ тістеп өкінді бір кездегі тұлымды ұл.
Байқоңыр тұр тәкаппар, босағадан қаратпас,
...Шаға алмайтын ешкімге, айта алмайтын мұңым бұл.





Пікір жазу