19.06.2022
118

Тұрмыс ауыр, күн кештiм iлдебайлап...
Тұрмыс ауыр, күн кештiм iлдебайлап,
Қатты, қатты сөз айттың мүлде ғайбат.
Тiрлiк – осы, көз iлсем түсімде ылғи,
Жәбiрейiл жүредi мүрдеге айдап.
Затым – ынжық, дәнекүс көрбаламын,
Қырқасына симадым кер даланың.
Ақырғы рет жүзiңдi көрейiншi,
Ей, құдiрет, пендеңе берқарағын
Өлi адамның ұсқыны – сүрепетiм,
Жүрегiм жок, секемал дip eтeтiн.
Сүйегiмдi жерлеңдер, өтінемін,
Қара жолдың бойына кіре өтетін.