19.06.2022
116
Көзiме менiң ыстық жас толып, үзiлер....
Көзiме менiң ыстық жас толып, үзiлер,
Жүрегiм – сүзгi, шерiм мен мұңым сүзiлер.
Таппадым қада жағалаулардың маңынан,
Тоқтасам түсiп, қайықтың жiбiн бiз iлер.
Жүзiне судың жолақ сап жалғыз лағамын,
Байызсыз ойдың байырқаламай бағамын.
Шaғала қалың шарқ ұрып мұнда шаттанған,
Іздегенiмдi таппаспын бәлкiм, табамын.
Арынды – теңiз, ауанға қарсы ағамын.