19.06.2022
  117


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Мақпал қара түн құшағы тылсым бір....

Мақпал қара түн құшағы тылсым бір,
Асқақ арман, биіктерге ұмсындыр.
Шым-шым етіп, тұңғиыққа сіңейін,
Итшілеген қараң күнім құрсын бұл!
Тым болмаса көр қимадың лақаттап,
Жатыр менің тәлейімнен жат аттап.
Ай-арудың құшайыншы белінен,
Қайда еді әлгі, мені әкетер ат, әппақ...
Алты қабат талыс еді таралғым,
Ақ боз бәйге, арман үшін жаралдың.
Мақпал түннің төрі тым-тым қашықта,
Саған міндім, жұмбағыңа орандым.





Пікір жазу