19.06.2022
  123


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

ҚЫДЫР КЕРУЕНІ

Әз жүреді: Қызырдың керуені,
Шеру өтсе тоңыңның ерігені.
Дөй даланы жасантар,
Көксегенім –
Қыдыр баба көшін бір көру еді.
Әттең бірақ, көрмеген жалғанда адам,
Мінеді екен түйеге маң-маң бабам.
«Қой бейіштен шығыпты – сол аңдайды,
Текті қойшы біледі мал қамдаған».
Бұл жай ғана сөзі ғой кәрілердің,
Рас сынды, нана алмай әбігермін.
Елестейді кейде анық, кәдімгідей,
Көз алдымнан өтеді бәрі менің.
Бірі – қашыр жетелеп, бірі – есегін,
Тіке кесіп барады күре шөлін.
Екі ұштылау тұрам да сәл ойланып,
Мен де көштің соңынан ілесемін.
Қиянаттан боламын ғұмырда ада,
Табанымда сусиды құм ырғала.
Керуені Қызырдың қызық та жат,
Бірге әкетіп барады Қыдыр баба.





Пікір жазу