19.06.2022
120

Ақ адыр, адыр жон ассаң...
Ақ адыр, адыр жон ассаң,
Қазбауыр бұлтқа толы аспан.
Жолықты жолай әлдекім,
Тұр екен тіреп қолы аспан.
Осылай ма әлде о бастан,
«Татамын» деді жоқ астан.
Шіркейдей көрмей біздерді,
Қарады көкке оғаш, паң.
Құтылдық әзер со мастан,
Шошыдық кенет – жоқ аспан.
... Құдайы күлді мысқылмен,
Бір кезде оған жол ашқан.