17.06.2022
302
Жай далбаса...
Жай далбаса,
Көңіл босқа тулады.
Мен ойлаған
Көркем өлең тумады.
Мен жүдедім
Жүгімді ойлап келесі.
Қандай өлең жазбақ едім мен осы?
Бір-біріне тең келмеді, əттең-ай,
Ойым менен сөздерімнің денесі.
Мəңгі азабым жүрегіме
Қорғасындай ұйыған
Жер сілкінтер бір өлеңнің дəмесі.