ТУҒАН ЖЕР
Аңыз болып басталатын сан атау,
Айналайын, ен жазира бабатау!
Мекен болған сүттігенді ағынын
Менің əкем көтергенде ақ отау.
Тұмаларың, солқылдағың болатын
Қызғыш құс пен шалшықшыға толатын
Қара суың, көлшіктерің болатын
Саралақаз сымпылдатқан қанатын.
Сенде тарлық көрмейтұғын əр адам,
Қара тас та бір кəдеге жараған.
Мал қайтарып келе жатқан қойшы да
Түйе арқа ғып əкелетін қараған.
Мекен етіп əкем шулы ортаңды,
Өткергенді арпалысы мол таңды.
Бір кездерде сені ойран өрт алды
Сол қасірет əкемді де ерте алды.
Кесек бітім, көсем болар пішінде
Көретінмін көңілім де, түсім де
Көсіліп бір сөйлесуге үлгермей
Көп арманы кеткен еді ішінде.
Əкеміздің сол арманын, сол əнін,
Айтатындай жауының мен бораның.
Жел суылы,
Бұлт күркірі,
Су үні
Бір дауысты естігендей боламын.
О, туған жер, бөлшегіңмін өзіңнің,
Шет шегі жоқ сенде туған сезімнің.
Көкжиекке ұзақ-ұзақ қараушы ем,
Алды сəл-сəл буланып тұр көзімнің.