17.06.2022
  120


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ШИРЫҒУ

Кезі жетіп батырдың жау десе асық,
Кеткен есе кегінің əуресі асып.
Көп жұлдыздың бірі боп тұруында
Ұнатады ағуды сəуле шашып.
Ширығудан бастайды тосын ісін,
Толтырады сенімге қос уысын.
Тəуекелдің қолына қайталанбас,
Лақтырады ғасырдың өкінішін.
Қанаттары болған соң серпетұғын,
Кеткені ғой олардан ерте тыным.
Шым етеді жүрегім еске алудан
Солар ғана сияқты елтетінім.
Үмітім бар арманның қанатындай,
Мақсұтым бар көзімнің қарасындай.
Ширығамын елімнің айтатыны
Мен болмасам айтылмай қалатындай.





Пікір жазу