17.06.2022
168
ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ
Туған жерім жан дертімді қозғаған,
суық тұма, дөңгелек саз, боз далам.
Таңнан өріп, суға түсер тал түсте
марқа шулап, боталары боздаған.
Туған жерім – тазалығым, жастығым,
асау жүрек – байланбаған жас құлын.
Көк жасаңда бұлдыраған елестей
үркек көңіл ұстатпай жүр бас жібін.
Туған жерін сүйген жанның бірі мен.
Туған ел деп күйген жанның бірі мен.
Туған жерді тілім шыққан күннен -ақ
мақтан еттім Мағжан ақын жырымен.
Тəуелсіздік – арманым ең, бағым ең.
Көктуыңды көкірегіме тағып ем.
Қуаныштан төгіп тұрып көз жасын,
туған жерін тəрік еткен тағы мен.
Мен де сенің күйігіңді тарттым-ау,
О, Қазтуған, қайран батыр – қарт жырау!