17.06.2022
  130


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ТҮЙСІНУ

Ой толғасаң өлең жайлы, сөз жайлы.
Көңілімнің мың бір күйін қозғайды.
Шабыт құсы қанша қанат қақса да
Сөздерің мен сөйлеміңнен озбайды.
Əнші сынды тамағын сəл кенеген,
Жазайын деп оқталамын мен өлең.
Шабыттан да шексіз лəззат сезесің,
Махаббатты сезінгендей денемен.
Бір өлеңді жазып бітер ойменен
Қалам ұстап қағазға бас қойған ем.
Аяғына жеткізбеді түйсігім.
Көмбестінде аяқтамай қойды өлең.





Пікір жазу