17.06.2022
169
УАЙЫМ
Шексіз сүйіп мынау меншік өлкемді,
шексіз сүйіп кішкене ұлды-еркемді,
бір сабақ жіп сияқтанған үмітпен
жамап-жасқап отырамын ертеңді.
Мұңсыз елім – тауқыметі мол елім,
Мұңлы далам, көкейімде көлемің.
Сені қанша сақтар екен марғау жұрт?
Мені қанша сақтар екен өлеңім!