17.06.2022
135
ЖАРТЫ ҒАСЫР
Жұртқа жайып азды-көпті атағын,
Мамырлады менің ақын қатарым.
«Мейманымыз» жалғап өтер бір дəурен.
Қасым айтқан «адамзаттың сапарын» .
Жыр жазам мен шын шабытты шақырып,
Ақ қағазға қара сия батырып,
Қазақтығым –
басылмайтын күш-қуат
Азаттығым –
таусылмайтын тақырып.
Бақыт дедік бұл өмірдің тартысын,
жарып көріп бір ғасырдың жартысын.
Жалындатып жыр шашайын жүректен,
шабыт оты жаныңызды шарпысын.