ҚАЙТАЛАУ
Құдірет шексіз айдаған əрі,
өткен бұл уақыт қайда барады?
Ауысқан əлем қолдан да қолға –
айла базары, пайда базары.
Кезімде ғана отызды басқан
шегінбес жүрек шекара асқан.
Сенімді байлап,
сертімді қайрап,
қайталап едім өмірді бастан.
Əкем де болған,
шешем де толған.
Көсем де болған,
шешен де болған.
Ашуы қатты,
қаймағы тəтті,
жатқа бір кетпес есем де болған.
Жүрсе де, кейі жағаңнан алып,
кетсе де кейі тағамға налып,
Біздің бұл халық елден бір ерек
керемет сұлу жаралған халық.
Бауырым қалды бір таудан əрі.
Жақындап барсам құрсауланады.
Мөлдіреп көзі,
айтылмай сөзі,
барады ұқсап мылқауға бəрі.
Алтыннан қымбат ар-намысы бар
(Біздің халықтың талғамы шығар)
Өкініш, күйік езеді жанды
бақыттың ол да тармағы шығар.
Сабырмен салқын үнім естіліп,
кісіге ұқсап,
түріп ескіріп,
денемнен өткен уақытты сезем
қызым бой жетіп,
ұлым ес біліп.
Құдірет шексіз айдаған əрі
Шіркін, бұл уақыт қайда барады?!