17.06.2022
  150


Автор: Алмас Ахметбекұлы

САҒЫНЫШ

(Анам – Гүлсағаттың əкеме
арналған астағы сөзі)
Дүниеден сен қайттың,
Бұдан отыз жыл бұрын.
Аруағыңа арнадым,
Əр жылымның бұл күнін.
Сегіз ұлың, сегіз үй,
Алыс кетті дəм айдап.
Қоныс болды оларға
Сен аңсайтын жаңа аймақ.
Немерелер туған жер
Тəуелсіз ел арай бақ.
Туған жерді қимай да,
Балаларды жəне ойлап.
Кете бардым мен-дағы
Сауыртауға қарайлап.
Жаның болсын жəннатта,
Риза болсын аруағың.
Жаза берсін сауапқа
Нұры түссін Алланың!
Сен аман бол, туған жер,
Көшерімде қимаған.
Сен де аман бол туған ел,
Ықыласын сыйлаған.





Пікір жазу