17.06.2022
  111


Автор: Алмас Ахметбекұлы

САҒАН ҒАНА

Маған батты сенің кірбең жүргенің,
көңілімнің шамын неге үрледің?
Жыр жазайын қойын дəптеріңді бер.
саған ғана айтар сөзім бұл – менің.
Менің жаным майдан тартып əр немен,
кезіп жүрер құбыжықтар ішінде.
Көңілімде жеңсем бірін əрленем.
жабырқаймын есем кетсе түсімде.
Бұным менің жүк секілді жүк еді
ғұмырымның өн бойында түгемес.
Жұртым мұны құр əуре деп біледі,
ол да салар сары уайымға түгемес.
Сейілемін сенің ықыласыңмен,
сейілемін туысыммен, досыммен.
Ал, ендеше, сен жеңілдет жүгімді,
көз алдыма тосқан махаббатыңмен!





Пікір жазу