17.06.2022
195
ТУҒАН КҮНІҢМЕН
Менің бейғам, сəбиім-ай, қылықты.
Санай алман сенен күткен үмітті.
Тойымсыз бір көңілменен армандап,
сендік ойым жағалайды биікті.
Осыдан тек жиырма жыл өткенде
мен салқындап,
сен жанарсың көктемдей.
Өзім қазір рахаттанам,
кезінде
сүп-сүйкімді болдым-ау деп
дəл сендей.