17.06.2022
  104


Автор: Алмас Ахметбекұлы

«СОНАРДА»

Үш күн, үш түн оңашамын, міне мен.
Уақытымнан өзім соны тілеп ем.
Мұндай сəттер бəйгем еді жараған,
Мұндай сəттер құсым еді түлеген.
Қырсық болды:
Түйсік сөзге кірмеді:
Қиялдағым сөйлемдермен жүрмеді.
Ұшқыр тазым құйғымады сонарда,
қыран құсым шүйілмеді, ілмеді.
Сілтеу қайда,
шабытты бір еліртіп?
Босқа отырдым жанымды ойға кеміртіп.
сөзден үркіп ұстатпады нəзік ой,
Ұстамадым мықты ойлардан мен үркіп.
Булығып ем жолыққандай кеселге.
кеш қайтқаным –
босқанжыға – меселде.
Ақыл айтты:
«Кезең сонар емес» деп,
Бос қайтпас ем,
«Сонар емес» десең де.





Пікір жазу