АНТ
Туған жерге қарс айырып өзегін,
сүйген жарға келтіріп бір кезегін,
ер жігіттің қайтпас семсер сертімен
жалғыз сөзді айтты жігіт еркімен:
– Туған жерім,
сүйем, – деді, – антыммен!
Сүйген жарым,
сүйем, – деді, – антыммен!
Туған жері оған жауап бермеді.
Сүйген жары айтқанына сенбеді.
Сөзге ешкім сенбейтінін сезген ол,
Сендіретін себеп таппай кезген ол,
Ашу – ыза көкейіне тығыла,
тағы шығып туған жердің шыңына:
ең соңғы рет
бар тағатын таусып ол
айғай салды (жігіт еді даусы зор),
туған жерге жəне сүйген жарына
берген антын қайталады тағы да:
– Туған жерім,
сүйем, – деді, – антыммен
сүйген жарым,
сүйем, – деді, – антыммен!
Туған жері оған жауап бермеді.
Сүйген жары айтқанына сенбеді.
Оның үнін қайталап тек жаңғырық,
алып кетті таудан-тауға əн қылып.
Жасымады, бірақ, жігіт тарылды.
Дəл сол сəтте шым топырақ жарылды.
Ақ сақалды, ақ дамбалды, жейделі
бір қария жерден шығып сөйледі:
– Беу, жас жігіт,
берген сертің адамға,
ғұмыр сүрмес бұл қым-қуат заманда.
Сүйген жарың кішірейер сен десе,
Антыңда да салмақ қалмас, ендеше.
Ал, туған жер тыңдамайды сөзіңді,
киесі ғой тасытатын сезімді.
Жолықса да, ол қаншама зар-мұңға,
кішіреймес адамдардың алдында.
Жеріңе айтсаң естіртіп айт халқыңа,
Тек мықты бол
айтқаныңа – антыңа!
Соны айтып шал
ғайып болды көзінен,
жігіт аздап күмəнданды өзінен.
Шал сөзінің соңғы жағы
ұққаны –
Ұққаны ғой –
Қайталады, құптады.
Жар туралы пайымынан ықпады.
Ықпағаны – көңілінен шықпады.