17.06.2022
  144


Автор: Алмас Ахметбекұлы

МЕН САҒЫНСАМ

(Олжасқа)
Сен – тұлпар ақын.
Сен – сұңқар батыр.
Қас білгі.
Ұлыттың кеште қаңғырып жүрген қасқырды.
Қасқырдың, бірақ, тікіреймейді көкжалы,
қызарған кезде от емес, дымық жас тұрды.
Ұлиды көкжал көгіне қарап, тіреніп,
дауысын сұмдық ауаға таман тапсырды.
Ұлиды қасқыр,
Тікіреймейді көк жалы.
Кетірді талай жолынан басар олжаны.
Қасқырлығынан айырылған емей немене:
от жанар көзде мөп-мөлдір жастың болғаны!
Ұлиды сыңсып тұмсығыменен біленіп,
құртады мысын
қоңыр тірліктің өлжалы.
Сен – тұлпар ақын.
Сен – сұңқар батыр.
Қас білгі.
Үш тіркес сөзбен атаймын сенің атыңды.
Табынсам, сенің табынам арғы тегіңе.
Сыйласам, сенің сыйлаймын білгі затыңды.
Сағынсам, сенің сағынам, жалғыз ақыным,
өлең жаза алмай
жабырқап жүрген сəтіңді.





Пікір жазу