17.06.2022
  116


Автор: Алмас Ахметбекұлы

АДАМНЫҢ КЕЙБІР КЕЗДЕРІ

Адамның кейбір кездері,
достардан хабар алсаңыз.
Жаныңды желпіп сөздері,
шындыққа шындап нансаңыз.
Дегбірің кетіп балаша,
бақыттан жас кеп көзіңе,
мақтанарсың сен оңаша
үн-түнсіз өзің өзіңе.
Өмірден қымбат кезді осы,
сəтінде сезіп біле біл.
Өмірдің одан өзгесі –
өтірік өмір, шын өмір.
Əдейі саған хат жаздым,
серпілтіп іштей өзімді.
Там-тұмдап ғана ақтардым,
жүрекке бүккен сөзімді.
Күнімде күйсіз, шаршаған,
аяй біл əрі сөге біл.
Жаныммен тəнмін мен саған,
Басқаша менде жоқ өмір.





Пікір жазу