meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.06.2022
  136


Автор: Алмас Ахметбекұлы

СЕРІК ДƏУКЕБАЕВҚА

Өнеге – əзілің де, тұрысың да,
Халқыңның бір қағылез ұлысың да.
Бізсіз де, бір тойыңды тойладың ба,
Қазақтың күн айналған шығысында.
Өскенсің еңбегіңмен өскен елде,
Серіксің ер дегенде, дос дегенде.
Жаныңа жарты ғасыр шабыт беріп,
Біздерді еске алдың ба, Өскеменде.
Достардың серкесісің алғыр санаң,
Еңбекқор ерік берген тағдыр саған.
Түстіктен оттай ыстық сəлем кетті,
Ертісті ерітердей мұз құрсаған.





Пікір жазу