17.06.2022
119
СӨЙЛЕСУ
Сол сұлу қыз перизаттай бейнелі,
маған таман жүзі жанып сөйледі:
– Жарқынымдай жақсы көрем мен сені! –
Сусып тұрды ақ торғыннан көйлегі.
Қызға қандай мен секілді бозбала!
– Бірақ, – деді ол...
жақпады сол сөз маған.
«бірақ» деген – улы сөздің ұшығы,
уланармын, арғы жағын қозғама.
Бас қоямын нəзіктікке, сезімге,
Мені десең, мұң болмасын көзіңде.
сеніміңді арт, сілкіп тастап қолыңды,
бір сенгенге өле сенем өзім де.
Көңіліңді күмəн, үрей кезбесін,
сені көрдім, ағат кетсе көзге сын.
Жан-тəніңмен сүйесің бе?
қайтала!
сұрамаймын,
айтпа, жаным, өзгесін!