17.06.2022
128
СЕРІК НҮСІПКЕ
Селтеңдеген сері едік,
Серік ақын сен едің.
Еріндерің кеберіп
Есіңді алған өлеңің.
Барлық таудың ұлы едің
Иірі едің бұлақтың.
Жанын тіккен құлы едің,
Жалғыз арман-мұраттың.
Досыңнан да, жардан да
Қалыс қалар бір сырың.
Бір қисайып қалғанда,
Морт кететін қырсығым.
Жол ортадан ауғаны-ай,
Өмір-арбаң сүйреген.
Бұйра шашың қауғадай
Сəні кетіп сиреген.
Сен шабытқа сенесің
Сəйгүлігін ерттеген.
Сыр алдырмай келесің
Семсер жүзді сертпенен.