17.06.2022
  120


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ҒАШЫҚТЫҚ

Ғашықтық жайлы жыр жазсам ғашық боп қалам,
Адамдық асау сезімге ашық тоқталам.
Қазақтың сөзі қайысып қанымда тасып
Аппақ құс сынды жыр ұшар бақыт боп саған.
Ғашықтық жайлы жыр жазсам толғамды шақта,
Ынтызар сезім гүл болар толған құшаққа.
Сабырсыз көзім саған мың қарайласа да,
Салмақты жүзім көрінер қорғанға ұқсап та.
Ғашықтық жайлы жыр жазсам тебіренем терең
Ғашықтық жайлы жыр жазсам еміренем ерен.
Кеудемді жарып кетердей шабыт пен сезім
Қос құшағымды өртейді сені менен өлең.





Пікір жазу