17.06.2022
123
ҮНСІЗ ҒАНА
Мен сүйгенде үнсіз ғана сүйемін,
ақ көңілден аппақ гүлдер үзіліп.
Қорғасындай балқып кетер сүйегім,
мамық сезім маржан сөзге тізіліп.
Сүю ғана сүйеніші жанымның,
сүйе қалсам секемсіз-ақ сенемін.
Тарқатылған бұрымынан арудың
сүйкімді бір сөз өрейін деп едім.
Сезімімнің ұлан байтақ шегінде,
қызғыш құстай қиқу салар өлеңім.
Арман қыздай, бір өлеңім, сенің де,
тал бойыңда мін болмасын деп едім.