17.06.2022
134
МЕН
Өмір, ойың уақ тым,
сенгіш-ақсың тым-тым-ақ.
Сені сəнге жылаттым
бүйіріңнен шымшып ап.
Ақтығыңа сүйсінем,
көңіліндей жас қыздың.
Сені матап ұйқымен,
тасқа талай жатқыздым.
Үміттерім налиды
кейде, тістеп бармағын.
Алдағандай сəбиді
сені оңай алдадым.
Жармасасың, өмір шын,
бір сенімге ұмтылып.
Қыстығасың мен үшін
өксігіңе тұншығып.
Мен қалайын кінəға,
бір майысып, бір сынып.
Əлди-əлди, жылама!
келе жатыр күн шығып.